«Дәрігерлер білімін жетілдіруге – басымдық беру» – Марат Пашимов №7 Қалалық клиникалық ауруханасының дамуы туралы

«Дәрігерлер білімін жетілдіруге – басымдық беру» – Марат Пашимов №7 Қалалық клиникалық ауруханасының дамуы туралы


 Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов аурухана ұжымының қатысуымен медициналық ұйымның қызметі туралы есепті тыңдады. Клиника директоры Манас Рамазанов клиниканың 2025 жылғы қаржылық және ұйымдастырушылық нәтижелерін таныстыра отырып есептік баяндама жасады.

Клиника басшысы баяндамада қызметтің негізгі көрсеткіштері, пациенттердің қанағаттану деңгейі, кадрлық және қаржылық ахуал, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды ескере отырып, стратегиялық мақсаттар мен даму перспективалары көрініс тапты.

Басқарма басшысы Марат Пашимов №7 ҚКА Алматы қаласының жетекші стационары ретінде қызметін жоғары стандарттарға сәйкес келуі және медициналық қызметтердің сапасын үнемі арттыру бағытында жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Ол эндокринология, онкогематология және нефрология мамандандырылған бөлімшелерінің жұмысын күшейту қажеттілігіне тоқталып өтті. Алдағы уақыттың жоспарында – аурухананың базасында гематологиялық ,нефрологиялық және эндокринологиялық қызметтер бойынша бағыттардың жұмысын үйлестіру және дамыту үшін құзыреттіліктің әдістемелік орталығын ашу.

ҚДСБ басшысы кадрлық саясатқа ерекше тоқталды: мамандарды тарту, сараланған еңбекақы төлеуді мен оқытуға басымдық беру қажеттілігіне атап өтті. №7 Қалалық клиникалық аурухана қызметкерлерін, соның ішінде шетелге оқытуға, озық клиникаларда тәжірибе алмасуға жіберу, кейін білімдерімен әріптестеріне бөлісу міндеті қойылды, сондай-ақ жоғары білімі бар мейірбикелер үлесін 100%-ға дейін жеткізу.
Марат Пашимов ең көп шағым түсетін қабылдау бөлімшесінің жұмысын жақсарту қажеттігін атап өтіп, Пациенттерді қолдау қызметін күшейту, медициналық көмектің сапасын бақылау және оның халық үшін қолжетімділігін арттыру бойынша тапсырмалар берді. Кездесу қорытындысы бойынша клиниканың алдағы жұмысының басым бағыттары айқындалды.

Кездесу соңында Марат Пашимов аурухана ұжымының ұсыныстарын тыңдап, оларды алдағы жұмысқа ескеретінін айтты.

№7 Қалалық клиникалық ауруханасы – бұл қаланың жетекші көпсалалы клиникасы, ол ұлттық және халықаралық сапа стандарттарына негізделген пациентке бағытталған медициналық көмек көрсету жүйесіне ие. Медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және мемлекеттік тапсырыс аясында 17 бейін бойынша шұғыл және жоспарлы түрде көрсетіледі.

Өткен 2025 жылы стационардың қабылдау бөлімшесіне 102 702 пациент жүгінді, оның 20 000-нан астамы шұғыл жағдайда ауруханаға жатқызылды. Жоспарлы түрде 7 000-нан астам пациент ауруханаға жатқызылған. Жалпы жыл бойы 27 000-нан астам пациент емделіп шықты, хирургиялық бейін бойынша шамамен 13 000 операция жасалды.