АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындардың келесі мәселелер бойынша өтініштері қаралды: сирек (орфандық) ауруы бар баланы дәрілік қамтамасыз ету; баланы шетелде емдеуге жіберу; бүйрек ауруы кезінде мүгедектік тобын рәсімдеу және қайта қарау; жоспарлы хирургиялық көмекті алу.

Әрбір өтініш бойынша түсіндірмелер беріліп, өтініш берушілерді бейінді медициналық ұйымдарда сүйемелдеу үшін алдағы қадамдар айқындалды.

Азаматтарды қабылдау апта сайын бейсенбі күндері сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Жазылу және анықтама үшін пациенттерге арналған call-орталық: +7 700 050 1213, +7 700 050 1312.