АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов «Аманат» партиясының алаңында, сондай-ақ Алматы қаласының ҚДСБ-нда азаматтарды қабылдады. Кездесулер барысында дәрілік қамтамасыз ету, 2027 жылы шетелде жоғары технологиялық операцияға баланы дайындау, жұмысқа орналастыру және медициналық ұйымдарға тіркелу мәселелері қаралды. Барлық өтініштер бойынша түсіндірмелер беріліп, жауапты тұлғаларға заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау тапсырылды, барлық мәселелер бақылауға алынды.
Азаматтарды қабылдау апта сайын бейсенбі күндері сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Жазылу және анықтама үшін пациенттерге арналған call-орталық: +7 700 050 1213, +7 700 050 1312.