ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!

ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!

Құрметті алматылықтар, әріптестер және достар!

Сіздерді Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
2025 жыл үлкен жетістіктерге, жақсы жаңалықтарға және мол табысқа толы жыл болды.
Келер жылға жоспарымыз көп, атқарылатын жұмыстарымыз да, жететін биіктеріміз де мол.
Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, биік кәсіби жетістіктер, керемет өзгерістер мен оң шешімдер жылы болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, әр шаңыраққа бақыт, береке және жылулық сыйласын! Алдағы жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын!

Ізгі ниетпен,

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Марат Пашимов