Алматы ҚДСБ басшысы Марат Пашимов орталықтандырылған зертхананың жұмысымен танысты

Алматы ҚДСБ басшысы Марат Пашимов орталықтандырылған зертхананың жұмысымен танысты

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында болып, медициналық ұйымның қызметімен және орталықтандырылған зертхананың жұмысымен танысты.

Орталықтандырылған зертхана өткізу қабілеті жоғары және Алматы қаласының медициналық ұйымдары үшін ТМККК және МӘМС шеңберінде зерттеулердің уақтылы және сенімді орындалуын қамтамасыз етеді.

Зертхананың негізгі артықшылықтары — бактериологиялық, иммунологиялық және молекулалық биологиялық әдістерді қоса алғанда, кең ауқымды зерттеулерге мүмкіндік беретін жоғары білікті қызметкерлер мен заманауи жабдықтар. Жұмыста микроорганизмдерді анықтау үшін автоматтандырылған анализаторлар, масс-спектрометр, сондай-ақ антибиотиктерге сезімталдықты анықтау жүйелері қолданылады.

Зертхана базасында ИФА, ИХЛА және ПТР-зерттеулер, оның ішінде вирустық гепатиттер, TORCH - және басқа инфекциялар, сондай-ақ ЖЖБИ диагностикасы орындалады. Зертханалық ақпараттық жүйені БМАЖ-пен интеграциялау жедел деректер алмасуды қамтамасыз етеді және медициналық көмектің сапасын арттырады.