Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында қала тұрғындарының медициналық көмек көрсету, медициналық обьектілердің жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне қатысты өтініштері қаралды.
Барлық өтініштер бойынша түсініктемелер берілді, медициналық ұйымдар мен жауапты лауазымды тұлғаларға баяндалған фактілерге қосымша тексеру жүргізу және қолданыстағы заңнама шеңберінде қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Барлық өтініштер бақылауға алынды.
Азаматтарды қабылдау тұрақты негізде жүргізіледі және халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.