
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов азаматтарды қабылдауды апта сайын жүргізеді. Кездесулер бейсенбі сайын сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.
Қабылдау барысында қала тұрғындары денсаулық сақтау саласына қатысты өз сұрақтарын, ұсыныстарын және мәселелерін көтере алады.
Қосымша ақпарат алу және жазылу үшін пациенттерге арналған call-орталыққа келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
+7 700 050 1213, +7 700 050 1312.