Алматы қаласында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың және қаладағы медициналық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен кезекті жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында денсаулық сақтау жүйесін дамыту және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға қатысты негізгі мәселелер қаралды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне халықты тарту динамикасы туралы баяндама Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ильяс Мухамеджан тарапынан ұсынылды.
«Damumed» медициналық ақпараттық жүйесінің ағымдағы жұмыс мәселелері туралы «Damumed» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Елеманов баяндама жасады.
Сондай-ақ кеңес қатысушылары 2025 жылдың 11 айындағы профилактикалық тексерулер жоспарының орындалуын және Алматы қаласындағы денсаулық сақтау құзыреттілік орталықтарының жұмысын талқылады. Тиісті баяндама ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Камила Файзуллина тарапынан ұсынылды.
Кеңес қорытындысында 2025 жылдың 9 айындағы жаңа туған нәрестелердегі туа біткен даму ақаулары мен хромосомалық аномалиялар бойынша аналитикалық шолу таныстырылды. Баяндамамен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс генетигі Гүлнара Әбдрешева сөз сөйледі.
Кеңес нәтижесінде профилактикалық жұмысты күшейтуге, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған тапсырмалар берілді.