Алматыда денсаулық сақтау жүйесінің өзекті тапсырмалары талқыланды

Алматыда денсаулық сақтау жүйесінің өзекті тапсырмалары талқыланды

Алматыда Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті.

Отырыс барысында қаланың медициналық ұйымдарының жұмысына қатысты негізгі мәселелер қаралды. Almaty Digital Medical Center жобасын жүзеге асыру, халықтың жүгіну және шағымдар динамикасы, соның ішінде eOtinish платформасы арқылы келіп түскен өтініштер талқыланды. АМСК саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің мониторинг нәтижелері, 10 айдағы вакцинация қорытындылары, Балалар инфекциялық ауруханасына жүгіну көрсеткіштері, сондай-ақ мектеп медицинасындағы қазіргі жағдай ұсынылды. Бұдан бөлек, ДДСҰ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Балаға қолайлы ауруханалар» тәжірибесін дамыту бағытындағы бастамалары жеке блок ретінде қаралды.
Талқылау барысында Марат Пашимов екі қалалық балалар ауруханасының базасында медициналық қызметкерлерді «Балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған басқару» (БЖАИБ) бағдарламасы бойынша практикалық оқыту алаңын ашуды ұсынды.
Бұл жерде емханалар мамандары балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған басқару әдістерін меңгеріп, дағдыларын жетілдіре алады. Бұл тәсіл балалар өлімін азайтуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар профилактикалық скринингтердің орындалуына ерекше назар аударылды.

Медициналық ұйымдардың, соның ішінде жеке клиникалардың директорларына 100 пайыздық қамтуды қамтамасыз ету тапсырылды. Вакцинацияны ұйымдастыруды жақсарту мәселелері де жеке қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Алматының медициналық ұйымдарының қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған басым бағыттар мен шаралар айқындалды.