Алматы қалалық №28 емхана дәрігерлері ата-аналарға дифтерияның алдын алу шараларын күшейтуге шақырды

Алматы қалалық №28 емхана дәрігерлері ата-аналарға дифтерияның алдын алу шараларын күшейтуге шақырды

Алматы қалалық №28 емханасының дәрігерлері ата-аналарға балаларды дифтерияға қарсы уақтылы вакцинациялаудың маңыздылығын еске салады. Соңғы жылдары бұл аурудың таралуы төмендегенімен, әсіресе екпе алмаған балалар арасында жұқтыру қаупі әлі де сақталып отыр.

Дифтерия – ауа-тамшылы жолымен жұғатын қауіпті бактериялық инфекция. Ауру негізінен жұтқыншақ пен жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайды. Қоздырғыш бөлетін токсин баланың жүрек, жүйке жүйесі және тыныс алу мүшелеріне ауыр әсер етуі мүмкін.

Дифтерияның негізгі белгілері:

  • тамақтың ауруы және дене қызуының көтерілуі
    • бадамша бездерінде алынуы қиын сұрғылт тығыз қақтың пайда болуы
    • тыныс алудың қиындауы
    • мойын аймағының айқын ісінуі («бұқа мойын»)
    • жалпы әлсіздік және енжарлық

Мұндай белгілер байқалған жағдайда дәрігерге дереу қаралу қажет.

Қазақстанда дифтерияға қарсы вакцинация Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне енгізілген және тегін жүргізіледі. Ревакцинация организмде қалыптасқан иммунитетті ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді.

Алматы қалалық №28 емхана жанындағы Ерте араласу және бала дамуын қолдау орталығының жетекшісі Анель Еркінқызы вакцинацияның маңыздылығын атап өтті:

«Бүгінде ақпараттың көптігі ата-аналарға шешім қабылдауды қиындатып жібереді. Дегенмен, баланың денсаулығы — негізгі басымдық. Вакцинация – балаларды ауыр инфекциялардан қорғаудың ғылыми тұрғыдан дәлелденген, қауіпсіз және тиімді тәсілі. Ата-аналарды екпені кейінге қалдырмай, балаларды жоспарлы тексерулерге уақытылы әкелуге шақырамыз».

Емханада мамандар уақытылы вакцинация баланың жеке денсаулығын қорғап қана қоймай, балалар ұжымдарында инфекцияның таралу қаупін төмендететінін атап өтті.   

Анықтама және жазылу үшін байланыс:

КГП на ПХВ «Алматы қалалық №28 емхана»
Ерте араласу және бала дамуын қолдау орталығы
Call-орталық: 8 708 480 13 48