Қазақстанда ОРВИ маусымы басталды: дәрігерлер балалардың денсаулығына күтім жасау және алдын алу шараларын еске салады

Қазақстанда ОРВИ маусымы басталды: дәрігерлер балалардың денсаулығына күтім жасау және алдын алу шараларын еске салады

Күз-қыс маусымында елімізде тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) көбеюі байқалады. Ауаның салқындауы және адамдардың жабық ғимараттарда көп уақыт өткізуі вирустардың, әсіресе балалар арасында, тез таралуына ықпал етеді.

Вирустық инфекцияның алғашқы белгілері ретінде мұрынның бітуі немесе су ағуы, тамақтың қышуы, жөтел, дене қызуының аздап көтерілуі, тәбеттің төмендеуі және әлсіздік байқалуы мүмкін. Кейбір балаларда ұйқышылдық немесе мазасыздық күшеюі мүмкін. Бұл ағзаның инфекциямен күресе бастағанын білдіреді.

Алматы қалалық №28 емхана педиатры Ақерке Ботаева дұрыс күтім жағдайында көптеген ЖРВИ жағдайлары асқынусыз өткізуге болатынын атап өтті. «Егер баланың дене қызуы жоғары болмаса және мазасызданбаса, қысқа уақытқа таза ауаға шығаруға болады. Таза ауа тыныс алуды жеңілдетіп, сауығу процесін жылдамдатады. Ең бастысы, баланы суықтатып алмау», - деді дәрігер.

Алматы қалалық №28 емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Ақмарал Жақанова вирустық инфекцияларды антибиотикпен емдеуге болмайтынын еске салады. «Антибиотиктер тек бактериялық асқынуларда ғана қолданылады. Оларды өздігінен ішуге болмайды. Науқастың жағдайын бақылау, жеткілікті сұйықтық беру, бөлмені желдету және тынығу режимін сақтау маңызды. Егер жағдайы нашарласа, дәрігерге дер кезінде жүгінген дұрыс», - деп атап өтті маман.

Дәрігерлер тұмауға қарсы вакцинация ауыр аурудың және асқынулардың алдын алуда тиімді екенін айтады. Бұл әсіресе балаларға, созылмалы аурулары бар адамдарға және көпшілікпен жиі қарым-қатынаста болатындарға маңызды.