Жамбыл облысының медициналық басшылары Алматы қаласының №17 қалалық емханасында болды: онкологиялық ауруларды ерте анықтау тәжірибесімен алмасу

Жамбыл облысының медициналық басшылары Алматы қаласының №17 қалалық емханасында болды: онкологиялық ауруларды ерте анықтау тәжірибесімен алмасу

Жұмыс сапары аясында Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің жетекшілігімен келген делегация Алматы қаласында онкологиялық қызметтің алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) деңгейінде ұйымдастырылуымен танысты.

Делегация құрамында Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Жандос Сейдахметов, «JANUIA medical center» емханасының бас дәрігері Бота Узденбаева, №7 қалалық емхананың бас дәрігері Алия Шатаева және Қордай орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Айдын Байбеков болды.
Сапардың екінші жартысында делегация Алматы қаласының №17 қалалық емханасында болып, онкопатологияға күдікті науқастар үшін ұйымдастырылған «жасыл дәліз» тетігінің жүзеге асырылуымен, скринингтік бағдарламалардың жүргізілуімен және пациенттерді маршрутизациялау жүйесімен танысты.
Емхана басшылығы мен медициналық қызметкерлерімен өткен кездесуде онкологиялық ауруларды ерте анықтау, көмек көрсетудің деңгейлері арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және халық үшін скринингтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Алматы және Жамбыл облыстарының медициналық ұйымдары арасында онкологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, скринингтік бағдарламаларды жетілдіруге және мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келісімге қол жеткізілді.