Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың төрағалығымен мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдардың басшыларымен жұмыс кеңесі өтті.
Туберкулезге қарсы іс — шаралардың нәтижелері талқыланды-халықты қамту ұлғайды, ал сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіштері төмендеуді жалғастыруда.
Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған қаражатты игеру мәселелері қаралды.
Almaty digital Medical center жобасы аясында көрсеткіштердің өсуі мен статистиканың жақсарғаны атап өтілді.
9 ай ішінде вакцинация қорытындысы шығарылды.
Кеңес қорытындысы бойынша қала тұрғындарына медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған тапсырмалар берілді.