
Алматы қаласы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының офтольмология бөлімі меңгерушісі Гульзат Абдраимова күрделі көз ауруы салдарынан көру қабілеті нашарлаған екі науқасқа көздің қасаң қабығын ауыстыру отасын жасады.
Бірінші науқас 1983 жылы туған. Бұрын көздің орталық қасаң қабатына кірген жарақат алып, салдарынан көзі көрмей қалған. Екінші науқасқа көздің қарауытуы және көру қабілетінің төмендеуіне себеп болған жанама кератопатия отасы жасалған. Қасаң қабыққа жасалған отадан кейін екі науқастың да көру қабілеті жақсарған.
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл науқастарға өмірден өткен 1962 жылғы әйел донор болды. Марқұм туыстарының рұқсатымен маңызды ағзаларды трансплантациялауға мүмкіндік берілді:
- жүрегі -1988 жылы туған науқасқа;
- бауыры- 1982 жылғы науқасқа;
- оң жақ бүйрегі - 1996 жылы туған науқасқа;
- сол жақ бүйрегі - 2017 жылдан бері трансплантацияны күткен 1966 жылғы науқасқа;
- көздің қасаң қабығы - 1983 жылы және 1956 жылы туған екі науқасқа берілді.
- Процесті ұйымдастыру мен бақылау Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Республикалық трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтер орталығы мен Алматы қаласының жетекші трансплантация орталығы - кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу орталығымен, Сызғанов атындағы хирургиялық Ұлттық ғылыми зерттеу орталығымен және Орталық қалалық клиникалық ауруханамен бірігіп жүргізілді.
Донордың жас ерекшелігіне қарамастан дәрігерлер ағзалардың жақсы жағдайда екендігін және әрі қарай да жақсы қызмет атқара алатындығын атап өтті. Бұл жағдай донорлықтың үлкен адамгершіліктің және адам өмірін сақтап қалу мен денсаулығын жақсартудағы маңызды шешім екендігінің дәлелі болды, - деп хабарлады басқармадан.
Ведомство бұл Орталық қалалық клиникалық ауруханасында осы жылы жасалған екінші қасаң қабақты ауыстыру отасы екенін атап өтті.