Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді еліміздің ең басты мерекесі - Республика күнімен құттықтаймын!
25 қазан – тарихтағы маңызды даталардың бірі, қазақстандықтар үшін Республика күні – халқымызды біріктіретін, болашаққа сенім мен үміт ұялататын айтулы күн. 35 жыл бұрын мемлекетіміздің Егемендігі туралы декларация қабылданды. Тарихи әділдік орнап, ұлттың рухы асқақтады. Бұл мереке – еліміздің тарихында ерекше орын алатын, әрбір қазақстандықтың жүрегін қуанышқа бөлейтін күн.
Еліміздің әрбір азаматы өз қызметімен мемлекетіміздің өркендеуіне атсалысып келеді. Отанымыздың гүлденуіне өз еңбегімізбен үлес қосып, бірлік пен татулықтың негізінде ұлы мақсаттарға жете берейік.
Қазақстанның болашағы жарқын, халқы аман, бірлігі бекем болғай!
Құрметпен,
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов