АЛМАТЫДА ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

АЛМАТЫДА ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Алматыда Марат Пашимовтың басшылығымен кезекті жұмыс отырысы өтті, онда қалалық медицинаны дамытудың басым бағыттары талқыланды.

ҚДСБ ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің басшысы Жадыра Ахметова 2025 жылдың тоғыз айында қалада 17 мыңнан астам жүкті әйел тіркелгенін, ал босану саны 27 мыңнан асқанын атап өтті. Гравидаралды дайындық белсенді дамып келеді — жүктілікке дейін әйелдерді медициналық қолдау, сондай-ақ асқынуларды ерте анықтау үшін пренатальды скрининг.

Алматыда оң динамика байқалады — жүкті әйелдерді маршруттауды жетілдіру, ерте диагностикалау және жаңа туған нәрестелерге мамандандырылған көмекті дамыту арқасында нәресте өлімінің деңгейі төмендейді.

Естеріңізге сала кетейік, қалада тоғыз перзентхана бар, оның ішінде жүктілік пен босануды басқарудың заманауи тәсілдері қолданылатын үш перинаталдық орталық бар.

Онкоскринингке ерекше назар аударылды. Алматы Онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетовтың айтуынша, 9 айда ондаған мың алматылықтар тексеруден өтті: жатыр мойны обырына скрининг — 58 мың адам, сүт безі обырына — 78 мың адам, колоректальды обырға — 84 мың адам. Нәтижесінде онкологиялық аурулардың 229 жағдайы анықталды, олардың көпшілігі ерте сатысында.

Орталық диагностиканы жетілдіру, мамандардың біліктілігін арттыру, халықты профилактика бойынша ақпараттандыруды жалғастыруда. Қатерлі ісіктерді скринингтік тексеру жоспары жүзеге асырылуда: мемлекеттік емханалар өз міндеттерін атқаруда, жекеменшік ұйымдарға жұмысты күшейтуге кеңес берілді.

Отырыста сондай-ақ Almaty Digital Medical center жобасы аясындағы медициналық ұйымдардың жұмысы, 2025 жылдың 9 айындағы медициналық көмектің сапа көрсеткіштерін орындау қорытындылары, сондай-ақ қалалық медициналық ұйымдарда дәрілік заттарды игеру мәселелері талқыланды.

Жалпы отырыста мемлекеттік медициналық ұйымдар сапа көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ететіні, ал жеке орталықтар жұмысты күшейтуі қажет екендігі атап өтілді.

Отырыс соңында ҚДСБ басшысы Марат Пашимов жеке медициналық орталықтардың жұмысын жетілдіру және олардың көрсеткіштерін арттыру бойынша тапсырмалар берді.