Алматыда қала әкімінің орынбасары Нұрлан Абдрахим мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың қатысуымен медициналық ұйымдарға жұмыс сапары өтті.
Сапар аясында олар заманауи диагностикалық және емдеу технологиялары қолданылатын Инфекциялық аурулар ұлттық ғылыми орталығының және Korean Medical Center Almaty медициналық орталығының қызметімен танысты.
Қала әкімінің орынбасары Алматыдағы денсаулық сақтау инфрақұрылымын кешенді түрде зерделеу мақсатында тек мемлекеттік емес, сонымен қатар жеке медициналық ұйымдарға да барады.
Бүгінде ол қаланың бірқатар мемлекеттік медициналық ұйымының қызметімен танысып шықты. Жұмыс сапарлары жалғасады.