Алматыдағы "Қалалық кардиологиялық орталықта" жуырда жүрек алмастыру отасын жасау жоспарланып отыр. Медициналық мекеме басшылығының мәлімдеуінше, күрделі операцияға дәрігерлердің біліктілігі де, қажетті құрал-жабдық та жеткілікті. Алайда елімізде ағза доноры тапшы. Бұл мәселе Алматыда өткен трансплантация мен донор табудағы түйткілдерге қатысты дәрігерлердің бас қосуында да көтерілді. Жыл сайын жүрекке 500-ге тарта ашық ота өткізетін Алматының "Қалалық кардиологиялық орталығы" енді оны алмастыру операциясын қолға алуды көздейді. Ол үшін мекеме қызметкерлеріне білікті дәрігерлер шеберлік сағатын өткізіп, тәжірибе алмасуда. Мысалы бүгін орталықта Алматыдағы ағза трансплантациясын дамыту, орган донорлығы жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. ЕРМАҒАМБЕТ ҚУАТБАЕВ, Алматы қалалық кардиологиялық орталығының директоры:
ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші:
Отандық кардиохирургия әлеуетін арттыру жөндегі жиында білікті мамандар дәріс оқып қана қоймай, жүрекке жасалатын күрделі оталардың бірін тәжірибе жүзінде көрсетті. Танымал қазақстандық хирург, Ұлттық ғылым академиясының академигі Юрий Пяның жетекшілігімен бір науқасқа ашық операция жүргізілді. ЮРИЙ ПЯ, UNIVERSITY MEDICAL CENTER басқарма төрағасы:
Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы дерегінше, бүгінде қалада 4 донорлық стационар бар. Алайда науқастарға қажетті орган, соның ішінде жүрек табу өзекті мәселе дейді дәрігерлер. Айтуларынша, донордың жақындарынан рұқсат алу қиын. Тапшылық салдарынан отаға мұқтаж жандардың 30 пайызы еміне жете алмай қайтыс болады екен.