Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында күрделі эндоваскулярлық ота — сол жақ бұғанаасты артериясының сағасына стент қою (стенттеу) сәтті жүргізілді.
Операцияны қан тамырлары хирургы Султан Илиев орындады.
Науқаста Стил синдромының белгілері байқалған — жиі бас ауруы, бас айналу, физикалық жүктемеден кейін есінен тану және құлақтағы шу.
Мұндай белгілер ми мен жоғарғы аяқ-қолдарға қан жеткізетін артериялардағы қан айналымының бұзылуымен байланысты.
Тексеру нәтижесінде бұғанаасты артериясының сағасында атеросклероздық тарылу (стеноз) анықталды. Қалыпты қан айналымын қалпына келтіру үшін стенттеу жасалып, қан тамырының тарылған бөлігі кеңейтілді және қан ағымы қалпына келтірілді.
Отадан кейін науқастың жағдайы едәуір жақсарды: бас айналу мен есінен тану тоқтап, жалпы денсаулық жағдайы түзелді.
Мұндай жоғары технологиялы оталар Орталық қалалық клиникалық ауруханада заманауи ангиографиялық жабдықта жүргізіледі.
Бұл әдіс қан тамыр ауруларын ашық хирургиялық отасыз тиімді емдеуге, оңалу кезеңін қысқартуға және науқастардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді.