Алматы Қалалық кардиологиялық орталығында өткен жиналысқа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас кардиологы, University Medical Center Басқарма төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бекбосынова Махаббат Сансызбаевна төрағалық етті.
Кездесу барысында өзекті мәселелер көтеріліп, жедел коронарлық синдром кезінде көмек көрсету қызметінің жай-күйі, СЖЖ және дислипидемия кабинеттерінің ағымдағы жұмысы қарастырылды, сондай-ақ ҚЖА индикаторлары талқыланды. Қала кардиологтары талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, ұсыныстар енгізді. Ерекше назар кардиологиялық көмектің сапасын арттыру, жүрек-қан тамыр ауруларын дер кезінде диагностикалау мен емдеу мәселелеріне аударылды.
Махаббат Сансызбаевна сауатты түрде әзірленген іс-шаралар осы жылдың соңына дейін оң өзгерістерге жеткізуі тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ қалалық медициналық ұйымдармен бірлескен командалық жұмыс пен өзекті мәселелерді тұрақты түрде талқылаудың маңызына тоқталды.
Алдағы уақытта да қаланың кардиологиялық қызметін жетілдіруге бағытталған осындай кездесулерді өткізу жоспарланып отыр.