Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов жұмыс сапары аясында Алматы қаласы ҚДСБ жоғары медициналық колледжіне барды.
Сапардың басты мақсаты – білім беру ортасын бағалау, инновацияларды енгізу және колледждің Денсаулық сақтау жүйесінің жаңа сын-қатерлеріне дайындығын көру.
1981 жылы медициналық училище ретінде құрылған колледж бүгінде елдегі медициналық кадрларды даярлаудың жетекші орталықтарының бірі болып табылады. Ол 8 мамандық және 10 біліктілік бойынша бағдарламаларды іске асырады, колледж халықаралық аккредиттеуден өткен және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растаған.
Марат Пашимов биыл қала әкімдігі колледж студенттеріне 741 білім грантын бөлгенін атап өтті.
Әрі қарай, колледж директоры Жумахан Молдакулов министрге білім беру бағдарламаларын, кадрлық әлеуетпен және инновациялық жобалармен таныстырды. Директор мекеме мегаполиске орта медициналық персоналды дайындауда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
Министр кітапханамен, оқу кабинеттерімен, зертханалармен және заманауи симуляциялық орталықпен танысты. Орталықта болашақ мейіргерлер робот-манекендерде дағдыларды дамытады, цифрлық бағдарламаларды, 3D-анатомияны, электрондық кітапхананы, сондай-ақ автоматтандырылған жүйелерді пайдаланады.
Оқытушылар өздерінің авторлық оқулықтарын көрсетті, олардың 12-сі авторлық куәліктерін алды.
Ақмарал Әлназарова студенттік активпен және «Мейіргер ісі» мамандығының, оның ішінде инклюзивті бағдарламалар бойынша білім алушылармен кездесті. Министр дайындықтың жоғары деңгейін атап өтіп, мейіргерлер елге кадрлар ретінде қажет болатын негізгі бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.
Сапар қорытындысы бойынша Ақмарал Әлназарова техникалық мамандарды даярлау бағдарламаларын енгізуді, мейіргер ісін дамыту орталығын құруды, паллиативтік көмек орталығын колледжге клиникалық база ретінде беруді қарастыруды, кабинеттерді робот-симуляторлармен жабдықтауды және халықаралық ынтымақтастықты дамытуды тапсырды.
Перспективалар – білім беру мүмкіндіктерін кеңейту және колледждің Алматы мен бүкіл ел үшін медициналық кадрларды даярлаудың негізгі алаңы ретіндегі рөлін нығайту.