Алматы қаласының фтизиопульмонология орталығы зертханалық зерттеулердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында материалдық-техникалық базасын нығайтуды жалғастыруда.
2025 жылдың тамыз айында Орталықтың орталық бактериологиялық зертханасына II класты екі заманауи биологиялық қауіпсіздік шкафы жеткізілді.
Жаңа жабдық мыналарды қамтамасыз етеді:
* туберкулез микобактерияларымен жұмыс істеу барысында персоналдың қорғалу деңгейін арттыру;
* зертханалық зерттеулер жүргізу жағдайларын жақсарту;
* биологиялық қауіпсіздік бойынша халықаралық талаптарға сай болу;
* жоғары жүктеме жағдайында да тұрақты әрі қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету.
«Заманауи биологиялық қауіпсіздік шкафтарын алу — туберкулез және басқа да жұқпалы ауруларды диагностикалау тиімділігін арттыру, сондай-ақ мамандарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам», — деді фтизиопульмонология орталығының директоры Ж. Сапиева.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Орталық зертханалық инфрақұрылымды жаңғырту, биоқауіпсіздікті нығайту және туберкулезге қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламалар шеңберінде жаңа сапа стандарттарын енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда.