Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басшысы әр бейсенбіде азаматтарды қабылдайды

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басшысы әр бейсенбіде азаматтарды қабылдайды

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов азаматтарды қабылдауды апта сайын жүргізеді. Кездесулер бейсенбі сайын сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Қабылдау барысында қала тұрғындары денсаулық сақтау саласына қатысты өз сұрақтарын, ұсыныстарын және мәселелерін көтере алады.

Қосымша ақпарат алу және жазылу үшін пациенттерге арналған call-орталыққа келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:

+7 700 050 1213, +7 700 050 1312.