Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 2025 жылғы
1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту науқанының басталғаны туралы хабарлайды. Науқан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.