Жүктілікті алдын ала жоспарлау – болашақ ана мен әке үшін ең маңызды қадамдардың бірі. Бұл денсаулықты қорғап қана қоймай, баланың өмірге аман-есен келуіне де ықпал етеді. Қандай анализдер тапсыру керек? Әкенің де денсаулығы қаншалықты маңызды? Ал кеш босанудың тәуекелі бар ма? Осы және басқа да сауалдарға №36 қалалық емхананың әйелдер консультациясы бөлімінің меңгерушісі Райхана Қалиева жауап береді.