КЕҢЕС БЕРУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКА: ОНКООРТАЛЫҚ КӨМЕК КӨЛЕМІН АРТТЫРУДА

КЕҢЕС БЕРУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКА: ОНКООРТАЛЫҚ КӨМЕК КӨЛЕМІН АРТТЫРУДА

Алматы онкологиялық орталығында консультациялық-диагностикалық көмектің қарқынды дамуы жалғасуда.

Соңғы жылдары науқастардың жүгіну саны және жүргізілетін зерттеулердің көлемі едәуір артты.

2019 жылдан 2024 жылға дейін онколог-дәрігерлер өткізген консультациялар саны 77,2%-ға өсті.

Егер 2019 жылы 96 430 консультация көрсетілсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 170 828-ге жетті.

Тек 2025 жылдың алғашқы алты айында орталық онкологтары 90 010 консультациялық қызмет көрсетті.

Консультация санының артуымен қатар, жоғары технологиялық диагностикалық процедуралар көлемі де едәуір артты. Бұл әсіресе компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, эндоскопия және иммуногистохимиялық зерттеулер бағытында айқын байқалады.

КТ және МРТ зерттеулері көлемі 2019 жылдан 2024 жылға дейін 4,2 есеге артып, жылына 52 056 зерттеуге жетті.

Эндоскопиялық процедуралар саны екі есе өсіп, 3 236-дан 6 583-ке жетті, ал иммуногистохимиялық зерттеулер көлемі 66,7%-ға өсіп, 7 749-дан 12 917-ге жетті.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында онкологиялық орталықта қатерлі ісікке күдікті науқастар мен онкологиялық науқастар үшін 364 414 диагностикалық ем-шара жүргізілді. Оның ішінде:

— 25 842 КТ және МРТ,

— 3 697 эндоскопиялық процедура,

— 6 853 иммуногистохимиялық зерттеу.

Осылайша, соңғы жылдары консультациялық-диагностикалық көмек көлемінің тұрақты өсуі байқалады.

Бұл онкологиялық қызметтердің қолжетімділігінің артқанын, инфрақұрылымның жақсарғанын және Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесіне науқастардың сенімінің артқанын білдіреді.

Аталған бағыттардың дамуы қатерлі ісіктерді ерте анықтауға және дер кезінде емді бастауға ықпал етеді.