Алматы №4 қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты

Алматы №4 қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты

2025 жылғы 23-24 шілде аралығында Алматыда «Жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жою кезінде басқару органдары және азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-қимылға дайындығы» тақырыбында оқу-жаттығу өтті.

Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында қарастырылған төртінші оқу сұрағы бойынша мынадай сценарий пысықталды: Алматы қаласы Құтқару қызметі базасының аумағында (Сүйінбай даңғылы, 222г) шартты түрде қираған тұрғын үйдің астынан зардап шеккендерді құтқарып, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан далалық госпитальды орналастыру.

№4 қалалық клиникалық аурухана госпиталь жұмысының ұйымдастырылуын қамтамасыз етті. Медициналық бригада құрамына келесі қызметкерлер кірді:

  • 2 травматолог дәрігер;
  • 2 хирург дәрігер;
  • 4 медбике;
  • 1 триаж медбикесі.

Медициналық бригада шұғыл көмек көрсетуге қажетті барлық медициналық қобдишамен, құрал-жабдықпен және хирургиялық жиынтықтпен толық жарақтандырылды.

Оқу-жаттығу төтенше жағдай кезінде медициналық қызметтің іс-қимыл тәртібін, өзара әрекеттесу алгоритмдерін және жалпы дайындық деңгейін пысықтауға мүмкіндік берді.