Алматыда көптеген сынығы бар пациентке күрделі ота сәтті жүргізілді

Алматыда көптеген сынығы бар пациентке күрделі ота сәтті жүргізілді

Терең шұңқырға құлап, ауыр жарақат алған 64 жастағы науқас шұғыл түрде Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Алғашқы медициналық көмекті аудандық ауруханада алған науқасты шұғыл түрде ОҚКА-ға жіберді.

Тексеру барысында дәрігерлер: екі жақтан шат және жамбас сүйегінің жабық ұсақталған сынуы, сол жақта мықын бұдырмақтың ығысуы, сондай-ақ айдаршық аралық томпағы және оң жақтан асық жілік шыбығының басы мен сан сүйегінің ішкі айдаршық буынішілік импрессионды жабық сынығы сияқты көптеген ауыр жарақатты анықтады.

Барлық жарақат сүйек сынықтарының айқын ығысуымен қатар жүрді. Науқас ауруханаға жатқызылып, жағдайы тұрақталған соң травматологтар Дәулет Чукманов пен Нұржан Нұралы, сонымен қатар анестезиолог Жұлдыз Алпысбай шұғыл түрде ота жасады.

Металл пластина, бұранда және сырық қолданумен екі жақтан жамбас сүйектерінің остеосинтезі - күрделі де ұзақ ота жасалды.

Бір уақытта пластина мен бұранда қолданумен жіліншік сүйектерінің сынықтарын бекіту де орындалды.

Ота бір мезгілде орындалды және ота жасау тобынан жоғары үйлесімдікті талап етті. 

Қазір науқас мамандардың бақылауында, оңалту процесі басталып кетті.