Қазақстан Республикасы Мәжілісі және Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары ШЖҚ «№ 23-қалалық емхана» КМК жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Мәжілісі және Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары ШЖҚ «№ 23-қалалық емхана» КМК жұмыс сапары

9 шілде 2025 жылы  Қазақстан Республикасы Мәжіліс Депутаты Нұргул Тауқызы және Алматы қаласының мәслихат депутаттары іссапармен келіп, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «№23-қалалық емхана» КМК жұмысымен танысты.

Сапар барысында депутаттар емхананың материалдық-техникалық базасымен, медициналық қызмет көрсету сапасымен және цифрлық жүйелердің енгізілуімен танысты. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерімен кездесіп, олардың ұсыныстары мен мәселелерін тыңдады.

Іс-шараның мақсаты – алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысымен танысып, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болды.

Емхана ұжымы депутаттарға денсаулық сақтау саласына көрсеткен назарлары үшін алғысын білдірді