Дәрігерлер аптап ыстықта жүрек ауруларынан сақ болуға кеңес береді

Дәрігерлер аптап ыстықта жүрек ауруларынан сақ болуға кеңес береді

Шілде басталмай жатып алқымнан алған аптап ыстықтың кесірінен емханаға келушілер көбейген. Күннің ысуы әсіресе жүрек-қантамыр жүйесінде ақауы бар адамдарға оңай соқпайтыны мәлім. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы күндері диспансерлік есепте тұрған азаматтардан бас ауруы, қан қысымының көтерілуі, жүрек тұсындағы ауырсыну және ауа жетпеу сынды шағымдар жиілеген. Мұндай белгілерді байқай сала дәрігер көмегіне жүгіну керек, - дейді мамандар. Аптап ыстықта жүрекке түсетін жүктемені қалай азайтуға болады? Бұл сауалға №7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емхананың кардиолог дәрігері Айдана Аяпова жауап берді.