Алматы қаласындағы №25 қалалық емхананы құттықтаймыз

Алматы қаласындағы №25 қалалық емхананы құттықтаймыз

Сапа және аккредиттеу институты сыртқы кешенді бағалау нәтижелері бойынша Алматы қаласының №25 қалалық емханасына аккредиттеудің жоғары санатын берді.

Емхананың мықты тұстары мен жетістіктері:

  • Емханада «Озық тәжірибе орталығы» жобасы сәтті іске асырылды.
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті пациентке бағдарланған үлгіде ұйымдастыру енгізілді.
  • Материалдық-техникалық жарақтандырылу және кадрлардың біліктілік деңгейі жоғары.
  • Бекітілген пациенттермен бірлесіп медико-әлеуметтік жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда.
  • Бұл - Алматы қаласындағы аккредиттеу процесі толығымен мемлекеттік тілде жүргізілген және ішкі ережелері мен стандартты операциялық процедуралар (СОП) қазақ тілінде ұсынылған санаулы емханалардың бірі.

Сарапшылар ерекше атап өткен тұстар:

  • Инфекциялық бақылау мен стерилизацияны ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығы.
  • Қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалған (пандустар, автотұрақтар, шақыру түймелері).
  • Заманауи цифрлық шешімдер енгізілген: қызметкерлердің биометриялық сәйкестендіруі, кабинеттегі QR-кодтар, электрондық тақта мен кезек алу жүйесі.
  • 2022 жылы емхана Алматы қаласы бойынша «АМСК деңгейіндегі үздік мейірбике» номинациясында 1-орынға ие болды және қалалық спорттық өмірде жоғары нәтижелер көрсетті.

Емхана ұжымын лайықты жоғары баға алғанымен шын жүректен құттықтаймыз және медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздік мәдениетін нығайту жолындағы жаңа табыстар тілейміз!