№36 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА БАЛАЛАР ҮШІН МЕРЕКЕ

№36 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА БАЛАЛАР ҮШІН МЕРЕКЕ

1 маусым - Балаларды қорғау күні қарсаңында №36 қалалық емханада кішкентай пациенттерге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Балалар үшін көңілді бағдарлама әзірленді: түрлі ойындар, сайыстар мен аквагрим. Әр балаға сыйлық табысталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Емхана іші нағыз мейірім мен қуанышқа бөленді - көңілді музыка ойнады, медицина қызметкерлері балалар мен ата-аналарды мерекемен құттықтап, ерекше жылы әрі шаттыққа толы күн сыйлады.

Іс-шара республикалық «Дәрігер - балалардың жанашыры» науқаны аясында өтті. Бұл - медициналық мекемелердің балаларға деген шынайы жанашырлығы мен қамқорлығының тағы бір айғағы.