2025 жылғы 29 мамырда №15 қалалық емханада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (ҚазҰМУ) ЖПД-1 және ЖПД-2 кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысты.
Қабылдауға қатысқан мамандар:
Шара барысында балалар мен олардың ата-аналарына тегін кеңестер мен тексерулер жүргізілді. Мамандар түрлі аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану, денсаулықты сақтау мәселелері бойынша пайдалы ақпарат беріп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатты.
Кішкентай қонақтар үшін тосын сыйлар, тәттілер мен көңілді сәттер ұйымдастырылды!
Мерекелік көңіл күйді әсем биші қыздар өз өнерімен әрледі!
Балалар да, ата-аналар да дəрігерлермен жылы жүздесіп, керемет әсер алды!