№36 қалалық емханада балаларды қорғау күні қарсаңында ашық есік күні өтті

№36 қалалық емханада балаларды қорғау күні қарсаңында ашық есік күні өтті

«Дәрігер - балалардың жанашыры» республикалық науқаны аясында №36 қалалық емханада салалық мамандардың қатысуымен Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Ата-аналар алдын ала жазылусыз невролог, логопед, психолог, офтальмолог және басқа да бейінді дәрігерлерден білікті кеңес ала алды.

Мұндай шаралар балалардың денсаулығына қатысты мәселелерді дер кезінде анықтап, шешуге, сондай-ақ дәрігер мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.