2021 жылы 19 қыркүйек күні, Алматыда Қала күнінде «Креативті квартал» жаңа жобасы іске қосылды. Алматы қаласы Креативті индустрия басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингісінде оның бірегейлігі туралы айтты.
Қ. Сарыбаевтың айтуынша, «креативті квартал» Алматыда көпфункционалды мәдени және іскерлік кеңістікке айналады.
«Бұл креативті және шығармашыл кәсіпкерлердің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жағдай жасайтын бірегей жоба. Өнер галереялары, сән бюролары, қолөнершілердің базарлары үшін резиденцияларды ұйымдастыру, шеберлік сабақтарын өткізу орындары, шығармашылық индустриялар мен басқа да шығармашылық кеңістіктердің өнімдері мен қызметтерін жарнамалау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда», – деді басқарма басшысы.
Бұл жерде сондай-ақ Креативті кәсіпкерлікті қолдау орталығы мен басқа да қызметтер орналастырылады. Ал, Almaty Creative Class онлайн білім беру платформасының іске қосылуы шығармашылық адамдарға өз таланты бойынша ақша табуды үйренуге, жаңа бағыттар мен аралас мамандықтарды ашуға мүмкіндік береді.
Креативті индустриялардың жобаларын іске асыру үшін құрылатын алаң болатын DEPO Evolution Park құрылысы жалғасуда болады.
https://almaty.tv/news/ekonomika/1632-kreativnye-prostranstva-nabirayut-populyarnost-v-almaty