TikTok хаустар өкілдері мен Алматы қаласының әкімдігі креативті кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

TikTok хаустар өкілдері мен Алматы қаласының әкімдігі креативті кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

24 тамызда Алматы қаласының әкімі – Бақытжан Сағынтаев ірі TikTok хаустар өкілдерімен алғашқы онлайн кездесу өткізді. Бұл кездесу креативтік индустрияларды дамыту және жас талантты тиктокерлерді қолдау шеңберінде ұйымдастырылды.

Жиналысқа Креативтік индустриялар басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев, Туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді, «YOLO House» TikTok хаус продюсері Азат Халимов, «BIP House» TikTok хаус бірлескен продюсері Асхат Халимов, «Cool House» TikTok хаус продюсері Тимур Балбаев және танымал TikTok бейне блогерлері қатысты.

Қатысушыларға өздерін таныстыруға және өзінің креативті қызметі туралы айтуға және әкімді Алматыдағы TikTok хаустар туралы егжей-тегжейлі таныстыруға мүмкіндік берілді. Олардың жазылушыларының жалпы саны әртүрлі елдерден миллиондаған аудиторияны құрайды және олардың екеуі (YOLO House және BIP House) әлемдегі ең ірі тикток үйлердің топ 3-іне кіреді.

Жиналысты ашқан Бақытжан Әбдірұлы Алина Кимді (@homm9k ретінде танымал) жазылушылар саны бойынша «ТМД-дағы ең танымал тиктокер қыз» атағымен құттықтап, жастардың шығармашылық еңбегін монетизациялаудың және Әкімдік пен TikTok өкілдері арасындағы дамудың әлеуметтік-мәдени векторындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Креативтік индустриялар басқармасы «Cool House» TikTok хаус продюсері Т.Балбаевпен бірлесіп, Алматы қаласындағы TikTok дамыту бағдарламасын ұсынды. Сондай-ақ, кездесу барысында қаланың туристік әлеуетін арттыру мәселелері, TikTok индустриясының экономикалық көрсеткіштері мен даму перспективалары талқыланды.

Кездесу соңында қала әкімі Б.Сағынтаев TikTok хаус алаңдарына шығу арқылы кездесуді күндізгі форматта жалғастыруға мүдделілігін және TikTok платформасы өкілдеріне дамуға қажетті қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.