Алматы қаласының Креативтік индустриялар басқармасы Алматының екі жетекші жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесулер өткізді

Алматы қаласының Креативтік индустриялар басқармасы Алматының екі жетекші жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесулер өткізді

27 шілдеде Алматы қаласының креативтік индустриялар басқармасы Тұран университетінің және Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) ректоратымен екі бетпе-бет кездесу өткізді. Басқарма тарапынан кездесуде мемлекеттік органның басшылығы және авторлық құқық жөніндегі сарапшы-Тулегенов Темірлан қатысты.

Креативтік индустриялар басқармасы білім және ғылым саласындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа бағыт алды, өйткені Алматыда 215 мың студент оқиды, 6 ЖОО QS World University Ranking 2020 нұсқасы бойынша әлемнің 1000 үздік университеттерінің қатарына кіреді.

Бүгінгі таңда тауарлық экономикадан зияткерлік және шығармашылыққа қайта бағдарлану жүріп жатыр. Заманауи дағдыларды дамыту: шығармашылық, қиял, бастама, көшбасшылық қасиеттер, мұның бәрі нақты жетістікке жету үшін қажет.

Тұран университеті 1998 жылдан бастап кино және теледидар саласы үшін, сондай-ақ кино және теледидар академиясы жанындағы аралас салалар үшін техникалық және шығармашылық кадрлар даярлауды жүзеге асырады, бұл Алматының креативті саласының – «кино және анимация» бағытының жүзеге асырудың үлгісі болып табылады.

AlmaU әрқашан жаңа салаларды дамытудың инновациялық векторындағы жетекші университеттердің бірі болды. Қазақстан мен Орталық Азияда креативтілік пен креативті индустрияларды дамытуды мақсат ететін университет қабырғасында Креативті индустриялар орталығын ашу осының тамаша мысалы болып табылады. Сондай-ақ, «Creative Arts» білім беру бағдарламасы – Қазақстанның креативтік индустриясын жаһандық креативті индустрияның маңызды бөлігіне айналдыратын, елдегі цифрлық ойындар индустриясын қалыптастыру және дамыту қажеттілігіне жауап беретін мамандарды даярлайды.

Университет өкілдері студенттер мен оқытушыларға арналған оқыту бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Авторлық құқық кафедрасының жүзеге асырылу перспективасы және жаңа мамандықты – зияткерлік меншік бойынша заңгерді енгізу ерекше қызығушылық тудырды.

Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, жақын арада ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою туралы келісімге келді.