Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдепті сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдепті сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Бүгін Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдепті сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Кеңесте Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетов Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мәселелері бойынша сөз сөйледі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Кеңесте Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша бақылау күшейтілгені атап өтілді және әрбір мемлекеттік қызметші моральдық-адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды күшейтуі тиіс екендігі көрсетілді.