«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы көшбасшы әйелдерге арналған бағдарлама бойынша оқуға үміткерлерді іріктеуге конкурс жариялайды

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы көшбасшы әйелдерге арналған бағдарлама бойынша оқуға үміткерлерді іріктеуге конкурс жариялайды

Хабарландыру

 

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы көшбасшы әйелдерге арналған бағдарлама бойынша оқуға үміткерлерді іріктеуге конкурс жариялайды.

Оқыту әртүрлі деңгейлерде басшылық лауазымдарға тағайындалуға немесе сайлануға көмектесетін дағдыларды, білім мен құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Астана қаласында өтетін, көшбасшылық, шешендік өнер, саясаттағы гендерлік мәселелер, Қазақстанның саясаты мен трансформациясы, көпшілік алдында сөйлеу, әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізу және басқа да тақырыптар бойынша модульдерді қамтитын қарқынды 5 күндік оқыту бағдарламасынан өту үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен 30 қатысушы іріктелетін болады.

Бағдарламада Қазақстан мен Германияның көрнекті саяси қайраткерлерімен кездесулер өткізу қарастырылған.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар өз өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған саяси жобаларды әзірлеп, қолданысқа енгізеді.

Барлық қатысушыларға көлік және Астана қаласында тұру шығындары өтеледі.

 

Басшылық, ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі немесе әлеуметтік-экономикалық және саяси жобаларды іске асыру бойынша тәжірибесі бар, кәсіби іскерлік қасиеттері, көшбасшылық әлеуеті жоғары адамдар, қоғамдық пікір көшбасшылары, ҮЕҰ басшылары, қоғам белсенділері, жастар көшбасшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, төраға орынбасарлары мен белсенді мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының партиялық кадр резервіне алынған адамдар, «AMANAT» партиясының қызметкерлері қатыса алады.

 

Осы оқыту іс-шарасына қатысу арқылы сіз:

  1. Өзіңіздің саяси мансабыңызға көмектесетін дағдылар мен білімді;
  2. Астана қаласындағы және өзге өңірлерден келген басқа көшбасшы әйелдермен жаңа таныстықты;
  3. Пайдалы саяси жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін аласыз.

Іріктеуге 2 жылдық жұмыс өтілі бар, өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін барлық құжаттарды толығымен ұсынған әйел адамдар жіберіледі.

 

Қатысқысы келетін тұлғаларға:

  1. Мына сілтеме арқылы өтіп, онлайн форманы толтыру: https://forms.gle/EfqrV1QtwcGTHyPQ9
  2. Мынадай құжаттарды хаттың тақырыбына «Томирис» деп жазып, info@apm.amanatpartiasy.kz электрондық поштасына жіберу қажет:
  3. a) жеке куәліктің көшірмесі;
  4. b) мотивациялық хат (500 сөзден аспайды);
  5. c) түйіндеме/CV;
  6. d) Партия төрағасының/партияның атқарушы хатшысының/партия хатшысының/партияның Орталық аппараты басшысының/партияның аймақтық/аумақтық филиалының атқарушы хатшысының/Бастауыш партия ұйымы төрағасының/«AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының/ саяси мемлекеттік қызметшілердің қолы қойылған еркін нысандағы ұсынымхат.

 

Қатысушыларды іріктеуді түйіндемені, мотивациялық хаттарды және онлайн сұхбаттасуды бағалау қорытындысы бойынша тәуелсіз қазылар алқасы жүргізеді.

 

Іріктеу критерийлері: мансаптық жетістіктері, көшбасшылық әлеуеті, оқуға деген ынта-жігері.

 

Оқыту жобасы ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының «Томирис» әйелдер саяси көшбасшылығын дамыту бағдарламасы аясында іске асырылады.

 

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2023 жылғы 15 маусым мен 15 шілде (Астана қаласының уақытымен сағат 18:30-ға дейін) аралығы.

 

еmail: info@apm.amanatpartiasy.kz,

онлайн сауалнамаға сілтеме: https://forms.gle/EfqrV1QtwcGTHyPQ9

таңдау ережелеріне сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/17xA0gspq25J7d1R0S3NJL62HYgsjNzuD?usp=sharing

қосымша ақпарат: +7 (7172) 70-76-21

 

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы» ЖММ-нің бастамасымен өткізілетін «Томирис» әйелдер саяси көшбасшылығын дамыту жөніндегі партиялық жобаға қатысушыларды іріктеу қағидалары

 

Жалпы ақпарат

 

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы көшбасшы әйелдерге арналған бағдарлама бойынша оқуға үміткерлерді іріктейтінін хабарлайды.

Оқыту әртүрлі деңгейлерде басшылық лауазымдарға тағайындалуға немесе сайлануға көмектесетін дағдыларды, білім мен құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Қазақстанның барлық өңірлерінен іріктелген 30 қатысушы Астанада көшбасшылық, шешендік өнер, саясаттағы гендерлік мәселелер, Қазақстанның саясаты мен трансформациясы, көпшілік алдында сөйлеу, әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізу және басқа да тақырыптар бойынша модульдерді қамтитын қарқынды оқыту бағдарламасынан өту үшін жиналады.

Оқытуды Академияның кәсіби тренерлері мен фасилитаторлар жүргізеді. Бағдарлама тренингтерден, мастер-кластардан, көрнекті саяси қайраткерлердің – министрлердің, Парламент депутаттарының, Президент Әкімшілігі өкілдерінің, жетекші саясаткер әйелдердің қатысумен өтетін кездесулерден және қонақ дәрістерден тұрады.  

Оқыту интерактивті форматта өтеді, практика, фасилитация мен топтық жұмыс көбірек болады. Әрбір қатысушы білім алу барысында белгілі бір аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған нақты саяси жобамен жұмыс істейтін болады. Жобалар жеке немесе топтық та болуы мүмкін. Қатысушылар тренинг кезінде жобалар әзірлеп, оларды іске асырады.   

Басшылық, ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі немесе әлеуметтік-экономикалық және саяси жобаларды іске асыру бойынша тәжірибесі бар, кәсіби іскерлік қасиеттері, көшбасшылық әлеуеті жоғары адамдар, қоғамдық пікір көшбасшылары, ҮЕҰ басшылары, қоғам белсенділері, жастар көшбасшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, төраға орынбасарлары мен белсенді мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының партиялық кадр резервіне алынған адамдар, «AMANAT» партиясының қызметкерлері қатыса алады. «Әйелдер көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша оқуға мынадай тұлғалар қабылданады:

1) әйел адам;

2) жалпы кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар адамдар;    

Академияға оқуға түсетін үміткерлердің жасы мен тиісті лауазымдардағы жұмыс өтілі конкурс жарияланған сәттегі жағдай бойынша есептеледі.    

 

 

Конкурс және іріктеу

 

  1. Қабылдау туралы конкурс жарияланғаннан кейін үміткерлер онлайн-сауалнаманы толтырады және хаттың тақырыбына «Томирис» деп жазып, мынадай құжаттарды info@apm.amanatpartiasy.kz электрондық поштасына жібереді:

1) жеке куәліктің көшірмесі;

2) мотивациялық хат (500 сөзден артық емес);

3) түйіндеме/CV;

4) Партия төрағасының/партияның атқарушы хатшысының/партия хатшысының/партияның Орталық аппараты басшысының/партияның аймақтық/аумақтық филиалының атқарушы хатшысының/Бастауыш партия ұйымы төрағасының/«AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының/ саяси мемлекеттік қызметшілердің қолы қойылған еркін нысандағы ұсынымхат.

  1. Белгіленген мерзімде үміткерлер:

1) Тіркеледі – https://forms.gle/EfqrV1QtwcGTHyPQ9 сілтемесі бойынша онлайн-сауалнаманы (application) толтырады;

2) Құжаттардың сканерленген көшірмелерін электрондық пошта арқылы жібереді.

3) Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе құжаттар қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда үміткерге конкурсқа одан әрі қатысуға жол берілмейді.

4) Тіркелгеннен кейін үміткерлер іріктеудің келесі кезеңдеріне жіберілді деп есептеледі:

1) Бірінші кезең – Академия қызметкерлерінің түйіндеме мен мотивациялық хатты (эссені) бағалауы;

2) Екінші кезең - Комиссия мүшелерімен сұхбаттасу (МАҢЫЗДЫ! бірінші кезеңнен сәтті өткен қатысушылар ғана).

Қатысушыларды іріктеуді түйіндемені, мотивациялық хаттарды және онлайн сұхбаттасуды бағалау қорытындысы бойынша тәуелсіз қазылар алқасы жүргізеді.

Іріктеу критерийлері: мансаптық жетістіктері, көшбасшылық әлеуеті, оқуға деген ынта-жігері.

Оқыту жобасы ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының «Томирис» әйелдер саяси көшбасшылығын дамыту бағдарламасы аясында іске асырылады.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2023 жылғы 15 маусым мен 15 шілде (Астана қаласының уақытымен сағат 18:30-ға дейін) аралығы.

Қосымша ақпарат:

e-mail: info@apm.amanatpartiasy.kz

 

Мотивациялық хатқа (эссеге)

ҰСЫНЫСТАР

 

Мотивациялық хат (эссе) – бұл үміткердің әйелдер көшбасшылығы бойынша біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламасына неге түскелі жатқандығын, конкурстық комиссияны таңдалған бағдарламада оқуға неғұрлым сол автор дайын екендігіне сендіретін және оны оқыту партия мен елге барынша пайда әкелетінін негіздейтін жазбаша баяндауы (мотивациялық хат – 500 сөзден артық емес болуы тиіс. Ойды нақты және сауатты тұжырымдау, ақпаратты құрылымдап, себеп-салдарлық байланыстарды бөліп көрсету керек).

 

Сіздің мотивациялық хатыңыз қандай сұрақтарға жауап беруі керек?

 

Неліктен дәл Сіз «Әйелдер көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша оқуға лайықсыз?  

 Мансаптағы, волонтерлік пен қоғамдық өмірдегі жетістіктеріңіз, саяси көшбасшылық тәжірибеңіз туралы айтып беріңіз.

 Саясаттағы мансаптық жоспарларыңыз туралы және оларға қалай жетуді жоспарлап отырғаныңыз жайында айтып беріңіз.

 Сіздің бағдарлама бойынша оқуыңыз партия мен елге қандай пайда әкеледі?