ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 2023 жылдың 04 шілдесінде                             сағат 0900-де Республикалық физика–математикалық мектепте (Бұхар Жырау көшесі, 36 үй) Бостандық ауданының әкімі Санжар Мендыбайұлы Алинның тұрақты кездесуіне шақырамыз. Кездесуге қала басқармаларының, аудандық прокуратура, полиция өкілдері, қала Маслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысады.

Кездесуге дейін өзекті және басым мәселелер бойынша тұрғындардан ұсыныстар жинау жүргізіледі. Айманова көшесі, 191 үй мекен-жайы бойынша                       214 бөлмесіне және Инстаграм (bostandykalmaty), Фейсбук (Bostandyk Almaty) әлеуметтік желілері және Бостандық ауданы әкімі аппаратының сайты арқылы ұсыныстарыңызды жолдауға болады.

Кездесу аяқталған соң аудан әкімі мен қалалық басқарма өкілдері және Маслихат депутатарының жеке қабылдауы өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша 275-43-80, 274-82-88 телефондары арқылы хабарласа аласыздар.

 

                                          Бостандық ауданы әкімінің аппараты