Аудан әкімі аудан тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізді

Аудан әкімі аудан тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізді

Аудан әкімі "Орбита-1", 1 үй, Тимирязев көшесі, 70, Жароков көшесі, 200, Радостовца көшесі, 195, Тимирязев көшесі, 59А тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізді. Қала құрылысын бақылау басқармасы, Полиция департаменті, аудандық төтенше жағдайлар департаменті бөлімі, "АЖК" АҚ, "КазТрансГаз-Алматы" АҚ, "Тәртіп" АҚ өкілдері шақыртылды. Күн тәртібінде аула аумақтарын жөндеу, қоқыс алаңын жаңғырту, аулаларда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ортақ үй мүлкін ұстау мәселелері көтерілді. Қойылған мәселелер бойынша қажетті шаралар қабылданып, мәселелерді оң шешу үшін жауапты органдарға тапсырмалар берілді.