31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Бостандық ауданында Ораз Жандосов ескерткішіне гүл қою рәсімі өткізілді.
Қатысушылар ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.


Салтанатты шараға қатысушылар мен қонақтардың қатарында қасіретті дәуірде қаза тапқандардың туыстары мен жақындары, ІІМ Академиясының офицерлер құрамы, О.Жандосов атындағы №105 гимназияның оқушылары, «Ардагерлер кеңесі» қатысты.