«Жастар есірткіге қарсы!» атты семинар

«Жастар есірткіге қарсы!» атты семинар

2023 жылдың 30 мамырында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған акция аясында Алматы қаласы Бостандық ауданының № 60 мектеп-гимназиясының акт залында «Жастар есірткіге қарсы!» атты семинар Алматы қаласында Бостандық ауданы бойынша нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб мүшелерінің, Алматы қаласы Полиция департаменті мен Алматы қаласы Бостандық ауданы Полиция басқармасының өкілдерінің, аудандық медициналық ұйым өкілдерінің, № 60 және № 68 мектептердің оқытушылары мен оқушыларының қатысуымен өткізілді. Іс-шарамен 200-ге жуық адам қамтылды. 

Семинар барысында Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері А.А. Трубникова, Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры С. А. Досболова баяндама жасады. Қатысушыларға «Химиялық өлім» деректі фильмі көрсетілді.