Батылдық сабағы

Батылдық сабағы

№125 мектеп-гимназиясында ауланның білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Батылдық сабағына»  ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

        Сабаққа 11 сынып оқушылары, Қазақстан Қарулы Күштерінің запастағы әскери офицерлері, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері, жоғары әскери оқу орындарының басшылары, Алматы қаласы мен ауданның қорғаныс істері жөніндегі басқармаларының өкілдері қатысты.

      Сабақтың тақырыбын талқылау және оның мазмұнын ашу кезінде қатысушылардың сөздері әскери өнер бойынша практикалық жаттығулармен, сонымен қатар слайдтармен қолдау тапты.

Отставкадағы полковник Айғазин С., қорғаныс істері жөніндегі басқарманың өкілі Лесхан Е., ВИИРЕиС мамандықтарының оқытушылары М.С.Муханов және Казбекова Т.М., майор Переверзиев В.П. жоғары сынып оқушыларының бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі, әскерге шақыру алды жастарды, Отанына адалдық сезімін тәрбиелеу.

Отставкадағы офицер... Қарулы күштердің ардагері, Бостандық аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Беспаева А.С. оқушыларды Отанға қызмет етуге шақыра отырып, ежелден біздің батырлар болсын, қарапайым сарбаздар болсын, олар Ұлы Отан соғысының қатысушылары немесе интернационалист-жауынгерлер, мейлі олар әскери ардагерлер немесе қазіргі Қазақстан армиясының белсенді офицерлері, сержанттары мен сарбаздары болсын - барлығын бір ортақ міндет біріктіреді - Отанды қорғау екеніне тоқтады.

 Аудандық ардагерлер кеңесінің өкілі, Қазақстан Журналистер одағының және Жазушылар одағының мүшесі Тікібаева Бүбішхан «Батылық сабағына» жиналған қауымды құттықтап, қазақ соғысындағы ерлік туралы өлеңінен үзінді оқыды.

  «Батылдық сабағы»,  ұйымдастырушылары патриоттық тәрбие беру, жастардың патриоттық көзқарастарын қалыптастыру педагогикалық ұжымның, ардагерлер ұйымдарының, әскери құрамалардың, әскери оқу орындары мен әскери бөлімдердің, бүкіл жұртшы лықтың өзара біріктесіп әрекеттесу процесі екенін нанымды көрсете білді.