Аудан әкімі көпбалалы аналармен кезекті кездесуін өткізді.

Аудан әкімі көпбалалы аналармен кезекті кездесуін өткізді.

 Бостандық ауданы әкімі Алтай Рахимбетов көпбалалы аналармен кездесті.

Жиынға 11 көпбалалы аналары келіп, өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Оның ішінде бала бақшаға орналасу, пәтер кезегі, әлеуметтік көмек алу,қысқы мезгілде көмір тапшылығы сияқты сұрақтар көтерілді.

Бүгінгі жиынымыздың мақсаты да көпбалалы аналардың әлеуметтік жағдайын талқылау. Аталған жәйтқа байланысты, Елбасы тапсырмасымен көпбалалы отбасыға қолдау көрсетуді күшейту бойынша нақты шаралар қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімдігі де бұл мәселені қатаң бақылауға алған.