Алматыда қаланың 2040 жылға дейінгі бас жоспарын қоғамдық талқылау аяқталды

Алматыда қаланың 2040 жылға дейінгі бас жоспарын қоғамдық талқылау аяқталды

Алматы қаласы әкімдігі мен «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС-нің бастамасымен Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарының үш күндік қоғамдық талқылауы аяқталды. Жалпы алғанда қаланың барлық сегіз ауданының тұрғындары мен сарапшылар Бас жоспардың көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, инженерлік желілерді жаңғырту, сонымен қатар, ауаның ластану мәселесін шешу жолдары мен экологиялық жағдайды жақсарту шараларын қамтитын бөлімдерін талқылады.

Жаңа Бас жоспар қала құрылысының әлемдік тәжірибесін ескеріп, Алматы қаласын дамытудың векторы болып табылатын, агломерациямен тиімді байланысқан үйлесімді мегаполис, қала тұрғындары мен қонақтарының тұруы, жұмыс істеуі және демалысы үшін тартымды және жайлы орынды көздейді.

2022 жылдың шілдесінен бастап «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС «Тұрғындар сауалнамасы» ірі қалалық сауалнамасын жүргізіп жатыр, оның деректері полиорталықтардың бас жоспарларына техникалық шарттарды дайындау үшін қажет. Жоба қаладағы адамның тәжірибесіне жүгінуге, қалай өмір сүретінін, жолға қанша уақыт жұмсайтынын, не мазалайтынын, не ұсынатынын, қаланың дамуына қатысуға қалай дайын екенін білуге ​​мүмкіндік береді. Бас жоспарды талқылау барысында көтерілген мәселелер/сұрақтар мен ұсыныстардың көпшілігі «Тұрғындар сауалнамасын» зерттеудің алдын ала нәтижелерімен расталады. Бүгінгі таңда 11 мың сауалнама жинақталған.

Мамандар Бас жоспардың қоршаған ортаға, қоғамдық көлікке, солтүстік бағыттағы инфрақұрылымды дамытуға қатысты бөлімдері бойынша дұрыс ұсыныстар жасады. Мамандар тауларды қорғау қажеттігін де атап өтті. Барлық ұсыныс қала құрылысы құжатында ескеріледі.

Қоғамдық талқылаулар барысында барлық сегіз ауданның тұрғындары өз шағын аудандарының әлеуметтік нысандар, инженерлік желілер және т.б. инфрақұрылымдық құрылысты дамыту барысымен танысты. Олардың сұрақтары мен ұсыныстары негізінен нақты салаларға қатысты болды және бас жоспардың негізгі тарауларына әсер еткен жоқ. Дегенмен жұмыс тобының мүшелері олардың ескертулерін қарап, ескеретін болады.

Іле Алатауының етегіндегі бау-бақшаларды сақтау мәселесіне қатысты мамандар бас жоспарда қаланың жасыл қорын сақтау мен ұлғайту қарастырылғанын, тау бөктерлерін дамытуға қатаң шектеулер енгізілген түсіндірді. Қоғам белсенділерінің барлық ұсынысы да есепке алынып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірлеушілерге беріледі.

Үш күндік қоғамдық талқылау барысында сарапшылар мен азаматтардан түскен барлық ұсыныстар мен ескертулер Алматы полиорталықтарының бас жоспарларын әзірлеу бойынша техникалық тапсырмаларды (ТТ) белгілеу кезінде ескерілетін болады.

Айта кетейік, 25 қаңтарда Алматы қаласының әкімдігі мен «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын қоғамдық талқылауды бастады. Қазіргі бас жоспар осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын – 2002 жылы бекітілген, және онда қаланың өсіп келе жатқан қажеттіліктері ескерілмеген. Бас жоспарға енгізілген түзетулер оны жан-жақты жетілдіре алмады: құжат өзгерістер ескермеді, өзектілігін жоғалтты және түбегейлі қайта қарауды қажет етті. Сондықтан былтыр Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша осы жылдың бірінші тоқсанында қабылданады деп жоспарланған 2040 жылға дейінгі қаланың жаңа бас жоспары бойынша жұмыс басталды.