Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау

Бүгін Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Әкіммен кездесуге алдын ала жазылған оннан аса  адам келді.

Тұрғындар әлеуметтік көмек алу,  аула аумағын жөндеу, шатыр мен подьезд жөндеу, жылыту жүйесі, шлагбаум орнату және т. б. мәселелерді көтерді.

Қабылдауға ТКШ, Әлеуметтік  және көріктендіру бөлімінің басшылары қатысты.

Барлық айтылған мәселелердің орындалуын бақылауға алынды.