Алматы Мәслихаты 2022 жылға арналған Алматы қаласының нақтыланған бюджетінің жобасын қолдады

Алматы Мәслихаты 2022 жылға арналған Алматы қаласының нақтыланған бюджетінің жобасын қолдады

Сессия барысында келесі өзгерістер бекітілді:
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2030 жылға дейін тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын іске асыру үшін қосымша қаражат бөлінді.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен техникалық және кәсіптік білім беру аясында жастарға қосымша гранттар берілетін болады. Гранттар 5 колледждің 1032 студентіне бөлінеді.

Қаланың көлік инфрақұрылымына қатысты тапсырыс берілген 300 автобустың алғашқы 200 жаңа автобусын сатып алуға алдын-ала төлем жасалатын болады.
Бұдан басқа, қоғамдық көлікте азаматтардың жеңілдетілген санаттарын тасымалдау өтемақыны қаржыландыру жалғастырылатын болады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмекші құралдарды сатып алу үшін қаражат қарастырылған.
Алатау ауданында мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығын салуға қаражат қарастырылған.