ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Алматы қаласы мектептерінің директорларымен кездесті.

ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Алматы қаласы мектептерінің директорларымен кездесті.

Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР оқу-білім министрі А.Қ. Аймағамбетов Бостандық ауданындағы М.Мақатаев атындағы №140 гимназия қабырғасында қаланың мектеп басшыларымен кездесіп, аталған мектептің тыныс тіршілігімен танысып қайтты.

Кездесу барысында ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім беру саласында болатын өзгерістермен таныстырды. Ағылшын тілі мұғалімдерінің қызметіне тоқталып, енді ағылшын тілі мұғалімдері пәнді меңгеру деңгейін анықтайтын тестілеуден өтетінін, сонымен қатар мектепте 10-11 сыныптар күн сайын ағылшын тілін үйренетінін, орта мектептерде ағылшын пәнінің сағаттарының көбейетінін атап өтті.

Сондай-ақ, А.Аймағамбетов барлық мектептер біртіндеп жалақы жүйесіне көшуі керек екенін атап өтті. Жалақы жүйесіне көшсек, көп мүмкіндіктерге қол жеткізуге болатындығына тоқталды. Министр оқулықтарға қатысты мәселелердің қарастырылып жатқанын жеткізді. Үй тапсырмасы планшеттің көмегімен орындалады. Мектепке қабылдау үшін құжаттарды тапсыруға өзгерістер енгізіледі, осы сияқты көптеген оқу-ағарту саласындағы өзгерістерді атап кетті.

Кездесу аяғы сұхбат сұрақ-жауаптар легімен жалғасын тапты. Нәтижесінде, бүгінгі таңдағы білім саласында орнап отырған өзгерістер мен жаңашылдыққа мектеп басшылары мен ұстаздарының дайын болу керектігі, талапқа сай қарқынды технологиялық стратегияларды меңгере білулері шартты екендігі ескертілді. Кездесу соңында білім саласы басшылары көкейдегі сауалдарына жауап тауып, көңілдері дән риза тарқасты.