"Халық заңгері" республикалық акция

"Халық заңгері" республикалық акция

Бүгін Бостандық ауданы әкімдігі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Халық заңгері" республикалық акцияға қатысты.

«Алматы Арена» кешенінде өткен іс-шара аясында Бостандық ауданы әкімі А.Рақымбетов бастаған әкімдік өкілдері халықты қабылдап, тегін заңгерлік кеңес берді.

Заңгерлік кеңес беру шарасы 2 сағаттан астам уақытқа созылды. Осы уақыт ішінде Бостандық әкімдігімен 10-нан  астам адамды қабылдады.

Қойылған сұрақтар әр түрлі болды, азаматтық құқықтық қатынастар, еңбек, неке-отбасы және мемлекеттік органдармен қарым-қатынас, Әкімшілік құқық және т.б.

Акцияның мақсаты -азаматтардың, әсіресе халықтың осал топтары: тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне, студенттерге және басқаларға құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.